Новости

21.10.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "ДОСБОЛ LIKE" жобасы аясында "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында психологиялық тренниг өтті. Іс-шара барысында студенттерге буллингтің түрлері, оның психологиялық әсері, сонымен қатар қиын жағдайдан шығу жолдары түсіндірілді. Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – әр студент өзін еркін әрі сенімді сезінетін қауіпсіз орта қалыптастыру.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
21.10.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Құттыбай Меруерт Төлегенқызы мен Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатор-наркологы Абилхайырова Айнұр Несипбаевнаның қатысуымен "Нашақорлықтың, маскүнемдіктің зияндылығын насихаттау" тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения
17.10.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "ДОСБОЛ LIKE" жобасы аясында «Жалындаған жастық шақ!» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында суреттер көрмесі өтті.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения
Бүгін арнайы пәндер ашық сабақтарды өткізу жоспары бойынша Педагог-модератор Тұрғара Жанар Бектөреқызы «Шоколадты қыздыру процесін меңгеру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырып толығымен ашылды, сабақ өте жақсы өтті, студенттер сабаққа белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасады. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана алды. Тақырыпқа қатысты слайдтарды, технологиялық сызбалар мен карталарды сабақ барысында пайдаланды, оқулықтардан шоколадты қыздырудың технологиялық процесстерін көрсетті, тест сұрақтарын студенттердің білімін анықтау үшін қойылды, бейнероликті көрсетті. Quiziz бағдарламасын сабақты бекіту үшін пайдаланды.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
2025 жылдың 17 қазанында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК арнайы пән оқытушы Симова Бану Шамшидиновна «Бутербродтар, салаттар дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы барлық міндеттерге қол жеткізді, құрылымы жүйелі ұйымдастырылды, өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасын өте жақсы қөрсетті. Сабақ барысында студенттер тапсырмалар орындауда өте белсенді болды, кері байланыс құралдары қолданылды: ауызша жауаптар, топтық талқылау, интернет қосымшалары Heйpo, Gemini, Baamboozly, Canva, Padlet тақтасы, Gamma.app бағдарламалары студенттерге жас ерекшеліктеріне сай таңдалды және пайдаланды.Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті, мақсатына жетті.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
2025 жылдың 20 қазанында* М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінде *Халықаралық аспазшылар күніне* және *Жұмысшы мамандықтар жылы* аясында ұйымдастырылған *«Дәмді FEST-2025»* байқауында *«Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің* «Дәмді әлемі» командасы зор жетістікке қол жеткізді.
*Колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары П. Ильясованың жетекшілігімен* қатысқан команда келесі номинациялар бойынша *БАС ЖҮЛДЕГЕ* ие болды:
- *«Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамын заманауи стильде жаңғырту»* категориясында
- Буранов Тахир (А10-23қ тобы)
- Балтабай Елмурат (А9-23қ тобы)
- *«Торт безендіру»* категориясында
- Телегина Арина (К36-23р тобы)
- Ералхан Гүлден (К37-23р тобы)
Бұл жеңіс – колледж студенттерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетінің жарқын дәлелі. Команданы және жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
Бүгін арнайы пән оқытушысы Баймұратова Күлайзат Қойлыбаевна «Бисквит қамырын илеу, пішіндеу және пісіру процессін негізгі және салқын «буше» әдісімен меңгеру» тақырыбында лабараториялық ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес. Сабақты BOPPPS моделін қолдана отырып жоспарлаған. Күлайзат Қойлыбаевна сабақты жақсы ұйымдастыра білді. Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде оқытушының жалпы аудиторияны басқаруы, студенттерге топтық оқыту туралы ойлануға және талқылауға уақыт беруі, кері байланыс жасау мүмкіндігінің беруі , соңында қателермен талдау барлығы оқытушының педагогикалық шеберлігінің жоғары екенін көрсетті.
Сабақ барысында студенттердің пәнге деген қызығушылығы басым екені байқалды. Ең маңызды талаптардың бірі студенттердің өз мамандығын терең білсем деген талпынулары және студенттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыра білуі олардың үш тілде сабақ айтуы тіптен керемет болды.
Арнайы пән оқытушысы Баймұратова Күлайзат Қойлыбаевнаға BOPPPS әдісінің барлық мүмкіншілігін қарастыра отырып жақсы лабароториялық сабақ ұсынған әріптесімізге рахмет!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения