Новости

13.03.2026ж “Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі” МКҚК мекемесі 14-Наурыз Көрісу күні - Амал мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, жүрекке жылу сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, береке мен бірлікті нығайтатын күн. Осыған орай, колледжімізде ұстаздар мен студенттер бір-біріне ізгі тілектерін айтты. Баршаңызды Көрісу күні мерекесімен шын жұректен құттықтаймыз!

16.03.2026 ж «Жас маман-болашақ бас маман» тақырыбында, жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірбие алмасуға мүмкіндік жасау мақсатында апталықтың ашылуы дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде колледждің тәжірбиелі педагог-шебер ұстаздары Н.Жексенбаева «Этика современного педагога», О.Ибраимова «Сабақ жоспарын құрудағы ерекшеліктер» және педагог-зерттеуші А.Қарабаева «Топ жетекшінің мақсат-міндеттері» тақырыбында баяндама оқылып, пікір алмасу форматында жалғасып орын алған сұрақтар талқыланды.

18.03.2026 ж «Жас маман-болашақ бас маман» апталықтың жоспарына сәйкес, жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында «Қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушыларға қарым-қатынастың кәсіби қызметтегі рөлі түсіндірілді. Тиімді коммуникацияның негізгі принциптері (тыңдай білу, нақты сөйлеу, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас) қарастырылды. Сонымен қатар:
• «Танысу» жаттығуы арқылы қатысушылар бір-бірімен жақын танысты;
• «Белсенді тыңдау» жаттығуы өткізілді;

18.03.2026ж “Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі” МКҚК мекемесінің студенттері 15 - Наурыз Қайырымдылық күніне орай “Қарттар үйіне” барып қайтты. Іс-шараның мақсаты: қарттарға құрмет көрсетіп, оларға қуаныш сыйлау, сондай-ақ жастарды мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде А.С. Пушкин атындағы №1 гимназия оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханаларға экскурсия жасады. Бұл оларға болашақ мамандықты таңдауда маңызды бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.

WorldSkills республикалық чемпионатында «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша І орын иеленген 3 курс студенті Телегина Арина және өндірістік оқыту шебері Донченко Олеся Дмитриевна 2026 жылғы 1–13 наурыз аралығында Қытай еліндегі Wangensen Education Group білім беру орталығында халықаралық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында қатысушылар кондитерлік өнімдерді дайындаудың заманауи технологияларымен танысып, десерттерді дайындау мен безендірудің жаңа әдістерін меңгерді. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

16.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау және ғұрыптық әндердің өзіндік ерекшелігі мен өңірлік маңызын айқындау мақсатында 16 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай "Жарамапазан Fest" атты көрме ұйымдастырылды.