Семинардың мақсаты – студенттердің кондитерлік өнімдер дайындауда қолданылатын заманауи технологиялармен танысуы, термиялық өңдеу процестерінің физикалық негіздерін түсінуі және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. Семинар барысында студенттер түрлі технологиялық процестердің қыр-сырын меңгерді.
Шоколадты темперлеу бағыты бойынша П6-25р тобының студенті Шумаев Данил, Желатиндеу технологиясы бойынша К30-25р тобының студенті Карузина Ева өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Сонымен бірге А1-25қ тобының студенті Кенезбай Жанна сублимацияланған жеміс-жидектер туралы мазмұнды баяндама жасап, тақырыпты жан-жақты ашып берді. Семинарға қатысқан 3-курс студенттері, Анталия Fest халықаралық конкурсының жеңімпазы Балтабай Елмұрад, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға шабыт және мотивация сыйлады.
Интерактивті семинар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне ерекше ықпал етті.
#ЖаратылыстануМатематикалықӘБ
#Әдістемелікбірлестік














