11.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде география пәнінің оқытушысы Базарбай Гүляйна Біржанқызы «Табиғатты пайдалануды жергілікті басқару. Экологиялық із және тұрақты даму» тақырыбында №К29-25қ тобында ашық сабақ өткізді.Оқытушы табиғатты тиімді пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау ұғымдарын түсіндіру арқылы жергілікті басқару деңгейінде экологиялық саясаттың мәнін ашып экологиялық із ұғымын енгізіп, тұрақты даму қағидаларын талдауды ұтымды көрсетті. Студенттерге оқу мақсаттарын нақты айтып, студенттерді белсенді ойлауға бағыттай білді. Тақырып қазіргі замандағы өзекті мәселелермен байланыстырылып, жергілікті және жаһандық деңгейдегі экологиялық проблемалар қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды өздігінен орындады. Бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауға негізделген. Гуляйна Біржанқызы сабағыңызға рахмет!

#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения