Новости

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен GAME OF FOOD GASTRO ANTALYA халықаралық гастрономиялық фестивалінде өндірістік оқыту шебері Алтынбек Куаныш Ерланұлы және колледжіміздің III курс студенттері Боранов Тахир, Балтабай Елмурад жоғары нәтиже көрсетті.
Фестивальге Түркия, Қазақстан, Иран, Марокко, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген командалар қатысты. Ал біз мақтанышпен айта аламыз: Қазақстанның намысын қорғап, биік белестен көріндік!
Алтынбек Куаныш Ерланұлы – 1 алтын, 1 қола
Боранов Тахир – 2 алтын
Балтабай Елмурат – 1 алтын, 1 қола
Жарайсыңдар! Сіздердің еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз — колледжіміздің абыройын асқақтатты!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
Бүгін Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің мамандары Шымкент қаласындағы "№140 жалпы орта білім беретін мектебінде" кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға колледж мамандықтарын таныстырылып, дәмді тағам үлгілері көрсетілді.
Мақсат – болашақ түлектерге дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай мамандық таңдауға қолдау көрсету.
Кәсіп таңдауда қателеспей, болашақ мамандығын бүгін анықтағысы келетін барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
25.11.2025 ж «Педагогтарға әдістемелік сүйемелдеу, көмек көрсету» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Мақсаты:
• теориялық білімді тереңдету және бекіту;
• білімді тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру;
• тәжірибе арқылы кәсіби қолдау көрсету дағдысын дамыту.
Семинар-практикумның мазмұны:
1-бөлім. «Жас мамандарға оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру» тақырыбында әдіскер К.Абылкасимова жас педагогтерге арналған заманауи оқыту тәсілдерін; сабақ құрылымын тиімді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты;студенттердің белсенділігін арттыру жолдарын;тиімді кері байланыс беру әдістерін көрсетті.
2-бөлім. Skaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында өткен практикум барысында бірқатар пән оқытушылары өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Тарих пәнінің оқытушылары Ғ.Ертаева және Г.Базарбай Skaffold технологиясын сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Жақсыбаева пәннің ерекшелігін ескере отырып, Skaffold құралдарын қолданудың тиімді тұстарын көрсетті.
3-бөлім. «Цифрлық технологиялар нарығындағы жаңа тенденциялар» тақырыбында информатика пәнінің оқытушылары Ж.Қадырбаева және Ш.Ашурова оқытуға арналған жасанды ителлект жаңа цифрлық платформалар мен сервистерді таныстырып жұмыс істеуді практикада көрсетті.(Kahoot, Quizizz, Padlet, Edpuzzle, Canva, ChatGPT ) 4-бөлім «Финансовая грамотность: кредит друг или враг» тақырыбында оқытушыларға қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы пән оқытушысы Г.Абдуллаева таныстырып, қаржыны жоспарлау бойынша ұсыныстарды көрсетті.
Қорытынды:
• Әр бөлім бойынша ұсыныстарды жинақталды.
• Қатысушылардың идеялары талқыланды.
• Болашақ әдістемелік қолдау бағыттарын анықталып,кері байланыс орнатылды.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы онкүндігі аясында ұймдастырылған.
«Цифрлық ас үй» іс-шарасы – калькуляция бағдарламаларын, QR-кодтарды, электронды мәзірлерді құру бойынша тренинг.
Іс-шараны өткізілды. Оқытушылар: Ашурова Ш.И., Родионов Р.О., арнайы шақырылған қонақ — Ибрагимова Х.М. Студенттерге жасанды интеллектті кәсіби қызметте қалай пайдалану қажет екенін түсіндірді.
"Колледж индустрии питания и сервиса" Декада методического объединения дисциплин естественно-математического направления «Цифровые технологии и искусственный интеллект – новые возможности формирования грамотности». Мероприятие "Цифровая кухня" -тренинг по созданию программ калькуляции, QR-кодов, электронных меню.» проведённое преподавателями: Ашурова Ш.И., Родионов Р.О. , приглашенный гость Ибрагимова Х.М. Цель: объяснить студентам каким образом необходимо использовать искуственный интелект в профеесональной деятельности.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
М.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия базасында
«Ерлік пен елдік сабақтастығы: қазіргі білім беру жүйесінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының тарихи, әдеби және рухани мұрасын қазіргі ұрпақты тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалану, оның ерлік өнегесін, ұлттық құндылықтар жолындағы қызметін білім беру салаcында насихаттау әдістемесін ұсыну болды.
Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін мол тағылым мен кәсіби тың идеяларға толы алаңға айналды. Әдістемелік орталықтың үйлестіру жұмысы ерекше атап өтуге тұрарлық.
Конференцияға Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің пән оқытушылары да белсене қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраимова Оксана Бабахановна «Применение карточек skaffold на уроках по теме “Жизненный путь и творческое наследие Бауыржана Момышулы”» тақырыбында өз тәжірибесін ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каражанова Қуралай Батыровна «Ұлттық рухты қалыптастырудың интеграциялық моделі» тақырыбында оқытудың үздік әдістерін таныстырды.
Бұл конференция – ұстаздардың кәсіби өсуіне, ұлттық рух пен елдік мұратты жас ұрпаққа сіңірудің жаңа жолдарын қарастыруға бағытталған мәнді де мағыналы алаң болды.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
26.11.2025ж.Физика пәнінен К14-25қ топ студенттерімен Гулнур Сәрсеновнаның «Металдардағы электр тогы. Асқын өткізгіштік» тақырыбында өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Оқытушы интербелсенді әдістер мен цифрлық ресурстарды ұтымды қолданып, білімалушылардың қызығушылығын арттыра алды. Сабақ құрылымы жүйелі, мазмұны түсінікті болды. Гулнур Сәрсеновнаның кәсіби шеберлігі, сабақ жүргізудегі әдістемелік сауаттылығы мен оқушыға деген қолдауы ерекше байқалды.
Ашық сабақ талқылаудан өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылды.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения
«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» 25.11.2025
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы онкүндігі ашылды. Онкүндіктің мақсаты – білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану, жасанды интеллектті меңгеру арқылы білімалушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения