Новости

Бүгін «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде» I-курс студенттері үшін мастер класс өтті.
Тақырыбы: «Пирогтар мен рулеттердің түрлері».
Мастер-класс барысында студенттер қамыр илеу, түрлі салмалармен жұмыс жасау, пісіру техникасы мен заманауи сәндік әдістерді меңгерді.
Мастер классты өндірістік оқыту шебері Әмзеева Н. өткізді.
Бұл сабақ болашақ кондитер және наубайшылар үшін маңызды тәжірибе болды — олар өз қолдарымен дәмі тіл үйірер тәттілерді әзірлеп, жаңа дағдыларға ие болды.
Мастер класс өткізген өндірістік оқыту шеберлеріне алғысымызды білдіреміз!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің оқытушылары «№55 жалпы орта білім беретін мектебінде» кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
9–11 сынып оқушыларына «Мамандық таңдау-заман талабы» тақырыбында акт залында кездесу ұйымдастырылды. Колледж мамандықтары, білім беру ерекшеліктері, оқу барысы және болашақ мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, шеберлік сабақтары мен студенттік өмір жайлы да мағлұмат ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс кәсіби бағыт беріп, болашақ мамандық таңдауда қолдау көрсету.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения
15.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы әкімінің аппаратының №16-19-07/6298 хатына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарын терроризмге қарсы санасын қалыптастыру мақсатында "Отаннның өзегіне кұрт түспесін", Лжетерроризм" тақырыптарында бейне-роликтер көрсетілді.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
12.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің №07-0-14/62873 хатына сәйкес студенттерге "Қаржылық сауаттылық" бойынша 16 оқу бейне сабақ көрсетілді.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения
15.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «ДОСБОЛ LIKE» жобасы аясында «Бірлігі жоқ, ел тозады» тақырыбында топ сағаттары өтті. Мақсаты: Білім алушыларға бірлік пен ынтымақтың ел дамуы үшін маңызын түсіндіру, татулықты, өзара сыйластықты және жауапкершілікті қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың құндылығын ұғындыру
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения
2025/2026 оқу жылының 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект-сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткізілетін онкүндік аясында 02 желтоқсан күні колледжімізде «Молекулалық кондитерлік: Термиялық өңдеу физикасы» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
Семинардың мақсаты – студенттердің кондитерлік өнімдер дайындауда қолданылатын заманауи технологиялармен танысуы, термиялық өңдеу процестерінің физикалық негіздерін түсінуі және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. Семинар барысында студенттер түрлі технологиялық процестердің қыр-сырын меңгерді.
Шоколадты темперлеу бағыты бойынша П6-25р тобының студенті Шумаев Данил, Желатиндеу технологиясы бойынша К30-25р тобының студенті Карузина Ева өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Сонымен бірге А1-25қ тобының студенті Кенезбай Жанна сублимацияланған жеміс-жидектер туралы мазмұнды баяндама жасап, тақырыпты жан-жақты ашып берді. Семинарға қатысқан 3-курс студенттері, Анталия Fest халықаралық конкурсының жеңімпазы Балтабай Елмұрад, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға шабыт және мотивация сыйлады.
Интерактивті семинар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне ерекше ықпал етті.

#ЖаратылыстануМатематикалықӘБ
#Әдістемелікбірлестік

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
12.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде тарих пәнінің оқытушысы Ертаева Ғалия Базарбаевнаның «Политическая организация ранних государств на территории Казахстана» тақырыбында №П7-25р тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің білімін тереңдетуге жағдай жасалды. Оқытушы тақырыпты тарихи деректермен, сызбалармен, карта материалдарымен түсіндірді. Әрбір ерте мемлекеттің басқару құрылымы, билік иелері мен саяси жүйесі салыстырмалы түрде талқыланды. Сабақта тарихи карта, инфографика, презентация және тірек-сызбалар қолданылып, материалды визуалды түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалды. Жасанды интеллект платформалары дұрыс қолданылып, «Bambuzl» тест-ойыны арқылы студенттердің білімін бекітті. Ғалия Базарбаевна ашық сабағыңызға рахмет!

#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения