Новости
Бұл дайындық форматы колледжде сәтті жүзеге асырылуда және биыл эксперименттік бағдарлама бойынша оқудан өткен оқушы - студенттердің екінші шығарылымымен расталды. Мемлекеттік емтихан қорытынды кезең болды, онда білім алушылар кәсіби құзыреттіліктерді, практикалық дағдыларды игеру деңгейін және одан әрі оқыту мен еңбек қызметіне дайындығын көрсетті.
2026 жылдың 23 қаңтарында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова колледж кітапханашысымен бірлесіп, ғалым-педагог, ақын, балалар жазушысы Әдібай Табылдының 100 жылдығына орай 1- курс студенттері арасында "Балалар жүрегінің ақыны" атты әдеби іс-шара өткізді. Қ. Б. Қаражанова кездесуге қатысушыларға ақын, жазушы, балалар драматургі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ғалымның "Халық тағылымы", "Тағылым", "Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасы және мәдениеттану мәселелері" сияқты ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары оқу орындарының оқытушылары оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданатыны атап өтілді. Сонымен қатар, оның пьесалары Қазақстанның қуыршақ театрларының сахналарында, ал сатиралық туындылары республика театрларында қойылып келе жатқаны айтылды.
21.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы» тақырыбында топ сағаты өтті. Мақсаты: Білім алушыларға темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерін ғылыми тұрғыда түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға деген саналы көзқарас пен жауапкершілікті қалыптастыру.
#ЗаңменТәртіп
#ЗаңменТәртіп
21.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттері Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар рестурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында жастар арасында лудомания және нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсірілген "Күйе" толықметражды кинофилімінің көрсетіліміне қатысты.
#ЗаңменТәртіп
#ЗаңменТәртіп
21.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа парламенттік үлгіні “Құрылтай” деп атау бастамасына орай топ сағаты өткізілді.Топ сағаты барысында Құрылтайдың тарихи мәні, оның халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы ретіндегі рөлі талқыланды. Студенттер ел дамуына бейжай қарамай, адал азамат, жауапты тұлға болудың маңызын түсінді.
Ел болашағы — саналы ұрпақ қолында!
#Құрылтай
#АдалАзамат
#ТопСағаты
#ЖастарҮні
#Қазақстан
#Тоқаев

Ел болашағы — саналы ұрпақ қолында!
#Құрылтай
#АдалАзамат
#ТопСағаты
#ЖастарҮні
#Қазақстан
#Тоқаев

16.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесі Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы білім басқармасының №2 хатына сәйкес Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген ұлттық киімді танымал ету бойынша жұмысты жалғастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әр аптаның жұма күнінде ұлттық киім кию дәстүрін қолға алып отыр.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

15.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар рестурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, әл-Фараби ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры - Асқар Тұрдымұратұлы Әлімбеков пен Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты - Нұрсұлтан Болатұлы Тұрсынбектің қатысуымен "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында танымдық кездесу өтті.














