Новости

2025/2026 оқу жылының 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект-сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткізілетін онкүндік аясында 02 желтоқсан күні колледжімізде «Молекулалық кондитерлік: Термиялық өңдеу физикасы» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
Семинардың мақсаты – студенттердің кондитерлік өнімдер дайындауда қолданылатын заманауи технологиялармен танысуы, термиялық өңдеу процестерінің физикалық негіздерін түсінуі және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. Семинар барысында студенттер түрлі технологиялық процестердің қыр-сырын меңгерді.
Шоколадты темперлеу бағыты бойынша П6-25р тобының студенті Шумаев Данил, Желатиндеу технологиясы бойынша К30-25р тобының студенті Карузина Ева өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Сонымен бірге А1-25қ тобының студенті Кенезбай Жанна сублимацияланған жеміс-жидектер туралы мазмұнды баяндама жасап, тақырыпты жан-жақты ашып берді. Семинарға қатысқан 3-курс студенттері, Анталия Fest халықаралық конкурсының жеңімпазы Балтабай Елмұрад, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға шабыт және мотивация сыйлады.
Интерактивті семинар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне ерекше ықпал етті.

#ЖаратылыстануМатематикалықӘБ
#Әдістемелікбірлестік

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
12.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде тарих пәнінің оқытушысы Ертаева Ғалия Базарбаевнаның «Политическая организация ранних государств на территории Казахстана» тақырыбында №П7-25р тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің білімін тереңдетуге жағдай жасалды. Оқытушы тақырыпты тарихи деректермен, сызбалармен, карта материалдарымен түсіндірді. Әрбір ерте мемлекеттің басқару құрылымы, билік иелері мен саяси жүйесі салыстырмалы түрде талқыланды. Сабақта тарихи карта, инфографика, презентация және тірек-сызбалар қолданылып, материалды визуалды түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалды. Жасанды интеллект платформалары дұрыс қолданылып, «Bambuzl» тест-ойыны арқылы студенттердің білімін бекітті. Ғалия Базарбаевна ашық сабағыңызға рахмет!

#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения
11.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде география пәнінің оқытушысы Базарбай Гүляйна Біржанқызы «Табиғатты пайдалануды жергілікті басқару. Экологиялық із және тұрақты даму» тақырыбында №К29-25қ тобында ашық сабақ өткізді.Оқытушы табиғатты тиімді пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау ұғымдарын түсіндіру арқылы жергілікті басқару деңгейінде экологиялық саясаттың мәнін ашып экологиялық із ұғымын енгізіп, тұрақты даму қағидаларын талдауды ұтымды көрсетті. Студенттерге оқу мақсаттарын нақты айтып, студенттерді белсенді ойлауға бағыттай білді. Тақырып қазіргі замандағы өзекті мәселелермен байланыстырылып, жергілікті және жаһандық деңгейдегі экологиялық проблемалар қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды өздігінен орындады. Бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауға негізделген. Гуляйна Біржанқызы сабағыңызға рахмет!

#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения
11.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде тарих пәнінің оқытушысы Сейфолла Гульмира Аменовнаның «Шыңғыс хан империясы және оның мұрагерлері» тақырыбында №А1-25қ тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес жоспарланған. Бүгінгі сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты нақты қойылып, жоспарланған нәтижелер толық орындалды. Оқытушы оқу материалын түсінікті, жүйелі түрде жеткізіп, студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасады.
Топтық жұмыс, берілген тапсырмалар және сұрақ-жауап әдістері тиімді қолданылды. Студенттер қызығушылық танытып, өз ойларын еркін білдірді, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.
Оқытушы материалды логикалық, жүйелі түрде түсіндіріп, Шыңғыс ханның тарихи рөлі мен ұлыстардың құрылуын слайдтар, карталар арқылы көрсетті. Сабақта тиімді тәсілдер қолданып, тарихи материалды терең меңгертіп, тарихи дүниелерді көрсету арқылы ой бөлісті. Сабақта ЖИ платформалары кеңінен қолданып, интербелсенді әдістер: «Сәйкестендір», тарихи реквизиттерді ұтымды қолданды. Сабақтың атмосферасы жағымды, студенттердің тапсырмаларды орындау қарқыны жақсы болды. Сабақ мақсатына толықтай жетті. Сабақ барысында оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастың өте жақсы жолға қойылғаны байқалды. Жалпы, сабақ мазмұнды, нәтижелі және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған ашық сабақ болды. Гульмира Аменовна ашық сабағыңыз үшін Рахмет!

#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения
2025 жылғы 15 желтоқсанда «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК қоғамдық пәндер оқытушылары Г.Б.Ертаева, Г.А.Сейфолла, Г.Б.Базарбай колледж кітапханасымен бірлесіп, Қазақстанның тарихи қалыптасуы мен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты, бізге-парыз» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы бейнефильмдер мен "Желтоқсан оқиғаларының шежіресі" көрсетілді. Студенттер патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, саяси режим құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тарих пәнінің оқытушылары Г.Б.Ертаева мен Г.Б.Базарбай 1986 Жылғы Желтоқсан алаңындағы сол күндер мен оқиғалар туралы ақпарат берді. Асанова Мария П7-25р тобынан, Жеткерген Інжу, Ватулина К, Ваш В. гр.П6-25р, Молдабай А., Нұрғали А., Артықбаева М. К29-25қ тобынан Тәуелсіздік туралы өз шығармаларының өлеңін мәнерлеп оқыды, П7-25р тобынан Дружинина Анастасия Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы туралы эссе дайындады. Тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті қалыптастыру, Отанымыз туралы білімдерін тереңдету және кеңейту; патриотизм мен азаматтық сезімін дамыту, өз елі үшін пайдалы болуға ұмтылу, еліміздің тарихымен мақтан ету.
15 декабря 2025 года в ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» преподаватели общественных дисциплин Ертаева Г.Б., Сейфолла Г.А., Базарбай Г.Б. совместно с библиотекой колледжа провели мероприятие «Тәуелсіздік – бабалар аманаты, бізге-парыз», посвященное историческому становлению Казахстана и событиям декабря 1986 года. В ходе мероприятия были показаны видеофильмы о становлении казахской государственности и "Хроника Декабрьских Событий". Студенты выразительно прочитали патриотические стихи и почтили память жертв политического режима минутой молчания. Преподаватели истории Ертаева Г.Б. и Базарбай Г Б дали информацию о тех днях и событиях на площади декабря 1986 года.
Асанова Мария из группы П7-25р, Жеткерген Інжу, Ватулина К, Ваш В. из гр.П6-25р, Молдабай А., Нурғали А., Артыкбаева М. из группы К29-25қ выразительно прочитали стихотворение своего произведения о независимости, Дружинина Анастасия с группы П7-25р подготовила эссе по истории независимости Казахстана. Была организована тематическая книжная выставка.
Цель мероприятия-формирование у студентов казахстанского патриотизма, мира, углубление и расширение знаний о нашей Родине; развитие чувства патриотизма и гражданственности, стремление быть полезными для своей страны гордиться историей своей Родины.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
2025 жылғы 15 желтоқсанда «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!», кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әрбір мемлекет пен халықтың тағдырлы деп атауға болатын күндері бар. Қазақстандықтар үшін мұндай күн 1991 жылғы 16 желтоқсан болды. Бұл күні Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысы, оған қатысушылар туралы құжаттар, желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндайтын кітаптар, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы баспадан шыққан басылымдар қамтылды.
Көрменің мақсаты: ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы батылдығының үлгісін көрсету және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын қарастыру. 15 декабря 2025 года в ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» организована книжная выставка «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!», посвященная празднованию Дня независимости Республики Казахстан. У каждого государства и народа есть даты, которые можно назвать судьбоносными. Такой датой для казахстанцев стало 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан объявил всему миру о своей Независимости. День независимости – это праздник каждого из нас, всех народов Казахстана. На выставке были представлены документы о причинах и последствиях декабрьского восстания 1986 года, о ходе событий, о его участниках, книги, рассказывающие о неизвестных нам аспектах декабрьского восстания, а также печатные издания о пройденном пути нашей страны с момента обретения независимости до наших дней.
Цель выставки - показать пример мужества наших предков на пути к независимости и рассмотреть историю становления Казахстана как независимого государства.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения
11.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Дене шынықтыру және АӘД ӘБ ұйымдастыруымен, ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік туы желбіресін!” ұранымен, колледж студенттері арасында “Волейбол” ойынынан жарыс өтті. Жарысқа 1 курс студенттері белсене қатысып, А3-25қ тобы 1 орын, А2қ 25 тобы 2 орын, Н32-25қ 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения