Новости

2026 жылғы 15 қаңтарда "Балалар кітапханасы" жобасына сәйкес"«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК- да «Кітаптар айналымы» буккроссинг акциясы өтті. Буккроссинг процесі «Оқы – басқасынабер» принципіне негізделген қарапайым әрекеттен тұрады. Қозғалысқа қатысушылар буккроссингке үлкен қызығушылық танытты. Оқу залында ұйымдастырылған бұрыш түрлі көркем әдебиеттермен толықтырылды. Ұсынылған кітаптардың саны үнемі өзгеріп отырды, студенттер өз кітаптарын алмасу үшін әкеліп қана қоймай, оларды біреуге көбірек пайда әкеледі деген үмітпен қалдырды.

Бүгін Тамақтану индустриясы және сервис колледжінде екінші және үшінші курс студенттері үшін аралық аттестаттау апталығы басталды. Бұл кезең білім беру үдерісіндегі маңызды кезең болып табылады, себебі ол білім алушылардың оқу пәндерін, кәсіби құзыреттерін және практикалық дағдыларын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Апта барысында студенттер емтихандар тапсырып, өздерінің білімдерін, дағдыларын, жауапкершілігін және әрі қарайғы оқу мен кәсіби дамуға дайындығын көрсетеді. Аралық аттестаттау тек оқу кезеңінің қорытындысын шығарып қана қоймай, сонымен қатар одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі.

2026 жылғы 14 қаңтарда студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау, жалпы білім беретін пәндерге деген қызығушылығын арттыру және дарынды студенттерді қолдау мақсатында олимпиада өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі міндеті студенттердің математикалық сауаттылығын, тілдік меңгеру деңгейін және жаратылыстану-гуманитарлық бағыттағы білімдерін кешенді түрде бағалау болды.

Описание изображения

2026 жылғы 13 қаңтарда колледждің конференц залында «Техникалық және кәсіптік білім беру педагогының кәсіби дамуы: заманауи әдістемелер және үздік тәжірибені тарату» тақырыбында педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқу барысында оқытушылар заманауи педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу жолдарын талқылады. Қатысушылар кәсіби дамудың негізгі бағыттарын айқындап, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті..
Іс-шара нәтижесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық әдістемелерді оқу процесіне енгізу және үздік тәжірибені жүйелі түрде тарату қажеттілігі анықталды. Педагогикалық оқу өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті деп бағаланды..
Описание изображения

09.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында студенттерден сауалнама алынды. Мақсаты: студенттердің жағдайлық және тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтау, психоэмоционалдық күйін бағалау және психологиялық қолдауды қажет ететін білім алушыларды айқындау.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas
Описание изображения

- ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ. «Қызғалдақ сайрайы» мәдени кешенінде 2025 жылдың - Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі жүлдегерлері мен конкурсанттарының шеруі өтті.
Атап айтсақ:
- "ДелаРук Алматы-2025" Мерейтойлық Халықаралық гастрономиялық фестивалі;
- "Taiqazan-2025" І Халықаралық фестивалі;
- «ASTAU FEST-2025» Халықаралық фестивалі ;
-Халықаралық гастрономиялық байқау GAME OF FOOD GASTRO ANTALYA (Түркия);
- «Дәмді Өзбекстан » халықаралық аспаздық чемпионаты (Ташкент);
- «Шоколатин» халықаралық іріктеу байқауы;
- WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.
Колледжіміздің намысын қорғап, биік белестерден көрінген студенттер мен өндірістік оқыту шеберлерін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы арнайы марапаттап, алғыс білдірді.
Бұл – еңбек адамының беделі мен кәсіби шеберліктің жеңісі!
Описание изображения