Новости
«PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарының алтыншы күні колледжімізде жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында 7–8 сынып оқушыларына «Құймақ әлемі» тақырыбында қызықты презентация ұсынылды. Оқушылар француз крептері мен америкалық pancake тағамдарының шығу тарихымен танысып, әлем халықтарының аспаздық мәдениеті туралы тың мәліметтер алды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін «Карамельден пішіндер жасау» тақырыбында мастер класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында оқушылар карамельмен жұмыс істеу технологиясын көріп, одан түрлі сәндік элементтер жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар береді.

04.06.2026 ж. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» ШЖҚМКК Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі мәжіліс залында «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік символы!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер Қазақстан, Ту, Елтаңба туралы патриоттық өлеңдер челлендж дайындады. Ертаева Г. Б., Сейфолла Г. А., Базарбай Г. Б. мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы туралы баяндады.
Презентациялар, бейнероликтер көрсетіліп, студенттер сұрақтарға белсенді түрде жауап берді, патриотизм туралы өз пікірлерін білдірді. Кітапхана меңгерушісі кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара соңында "Менің елім" атты ән орындады.
Іс-шараның мақсаты: І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Студенттерді өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

04.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесі студенттерінің қатысуымен "4 маусым Рәміздер күніне" орай ҚР Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті. Мақсаты: Отансүйгіштік құндылықтарды насихаттауға Мемлекеттік Рәміздерге деген құрметті арттыруға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық рухын қалыптастыруға бағытталған.
04.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесінде 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Есірткісіз болашақ" тақырыбында суреттер байқауы өтті.
«PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдарлау лагерьінің бесінші күні2026 жылғы 03 маусым айның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында «PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдар лагерьінің бесінші күні өтті.Күн бағдарламасы "Даяшы" мамандығына арналды.
«PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдарлау лагерьінің төртінші күні2026 жылғы 02 маусым техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында «PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдар беру лагерьінің төртінші күні өткізілді.Бағдарлама "Наубайшы" мамандығына арналды.
13.03.2026ж “Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі” МКҚК мекемесі 14-Наурыз Көрісу күні - Амал мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, жүрекке жылу сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, береке мен бірлікті нығайтатын күн. Осыған орай, колледжімізде ұстаздар мен студенттер бір-біріне ізгі тілектерін айтты. Баршаңызды Көрісу күні мерекесімен шын жұректен құттықтаймыз!