«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күні. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары мамандықтар бойынша сынақ жұмыстарын орындап, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. «Әлем тағамдары» тақырыбында мультимедиялық тақта арқылы фотожұмбақ ойыны ұйымдастырылып, оқушылар әртүрлі елдердің ұлттық тағамдарын танып, білімдерін сынады. «Тағам арқылы ұлттық таным» тақырыбындағы интерактивті топтық ойында қатысушылар тағам мәдениеті арқылы халықтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктерін танып-білді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жаңа білім алып қана қоймай, болашақ мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті. Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен ықпал етеді.