Новости
27.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде 1-Наурыз "Алғыс айту күніне" орай "Мың алғыс" тақырыбында топ сағаттары өтті. Мақсаты: Студенттердің бойында ризашылық, құрмет, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге тәрбиелеу, бірлік пен татулықты нығайту.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
Бұл – оқу орнымыз үшін маңызды белес. Аталған топ студенттері оқу барысында ерекше форматта білім алды: олар колледжде кәсіби мамандықты меңгере отырып, бір мезгілде Шымкент қаласының мектептерінде жалпы орта білімін қатар жалғастырды. Осындай қос бағыттағы жүйелі дайындық олардың жауапкершілігін, уақытты тиімді жоспарлау қабілетін және кәсіби қызығушылығын айқындады.
26.02.2026ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК мекемесінде оқытушылар Ертаева Г.Б. және Сейфолла Г.А. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында таныстыру жиналысын өткізді.
Жиынды ашқан оқытушылар жаңа Конституция жобасын еліміздің одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Жиынды ашқан оқытушылар жаңа Конституция жобасын еліміздің одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
25.02.2026ж "Тамақтандыру индутриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттері Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру. Кездесу барысында қатысушылар қылмыстың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және дұрыс өмірлік таңдау жасау мәселелерін талқылады.
26.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Менің уайымым" тақырыбында тренинг сабақ өтті. Мақсаты : Өз сезімдерін түсіну және сөзбен айта білу – өмірдегі түрлі уайымдарды жеңуге көмектесеу.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
26.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және серис колледжі" МКҚК мекемесінде Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры - Абылай Толқынұлы Сабектің, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің оқу орындарына жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы - Мадижан Жайсанбекұлы Ордабектің, директордың ТІЖ орынбасары - М.К.Омарованың қатысуымен "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: құқықтық жауапкершілік және қорғау тетіктері" тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
Бүгін 25.02.2026 ж. тамақтандыру индустриясы және сервис колледж базасында WorldSkills–2026 колледжішілік іріктеу чемпионатының
екінші күні өтті.
Қатысушылар өз құзыреттері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, өндірістік тапсырмаларды халықаралық стандарттарға сай орындады.
Байқау барысында техникалық талаптарды сақтау, уақытты тиімді пайдалану, тағам сапасы мен безендірілуі, санитарлық-гигиеналық нормаларды орындау қатаң бағаланды.
Қатысушылар өз құзыреттері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, өндірістік тапсырмаларды халықаралық стандарттарға сай орындады.
Байқау барысында техникалық талаптарды сақтау, уақытты тиімді пайдалану, тағам сапасы мен безендірілуі, санитарлық-гигиеналық нормаларды орындау қатаң бағаланды.














