Новости

22.04.2025 г в группе №К43-24Р прошел тренинг с целью помощи студентам в вопросах построения жизненной перспективы, профессионального самоопределения. Цель мероприятия заключалась в повышении осведомленности студентов о важности психического благополучия. Участники обсудили способы справляться со стрессом, сохранять эмоциональное равновесие и укреплять устойчивость к жизненным трудностям. На тренинге использовались интерактивные методы, позволяющие студентам самостоятельно проанализировать свои эмоции и найти внутренние ресурсы для гармоничной жизни.

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру болып табылады білікті мамандарды даярлаудың Халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында, 21-25 сәуір аралығында Мәскеу қаласында тамақ өнеркәсібі бағыты бойынша «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» мамандары Халықаралық тағылымдамадан өтті.

Бүгін 23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Кітап-үлкен қазына, білім мен даналықтың қайнар көзі. Ол жаңа белестерді ашады, мейірімділік пен жанашырлықты үйретеді. Біз жаңа кітаптарға ерекше назар аударамыз, олар сіз ашқыңыз келетін және оны жақындарыңызбен және достарыңызбен бөліскіңіз келетін шешілмеген құпия сияқты. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында"Кітаптан жұлдыз жауған" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстыру, ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын дамыту.

22.04.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Ата-ананың тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер:
• 2025 жыл –Жұмысшы мамандықтар жылы;
•2024-2025 оқу жылында білім беру процесінің ІІ –жартыжылдық бойынша білім сапасы және студенттердің жазғы емтиханға жіберілуі;
•Кәсіптік бағдар аясында өткізілген іс-шаралар;
•Ата-аналарды педагогикалық қолдау;

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру болып табылады білікті мамандарды даярлаудың Халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында, 13-20 сәуір аралығында Стамбул қаласында тамақ өнеркәсібі бағыты бойынша «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» мамандары Халықаралық тағылымдамадан өтті.

18.04.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Өмір, мен сені сүйемін!» тақырыбында плакаттар, суреттер конкурсы өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы

2025 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқауда Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қаражанова Құралай Батырқызы жүлделі II орын иеленді! Бұл — үздіксіз ізденіс пен кәсіби шеберліктің нәтижесі! Құралай Батырқызына шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жетістіктер тілейміз!