12.11.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресрустық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында "Жас Сарбаз" тақырыбында әскери-патриоттық кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар топ бастығы, лейтенант - Жалмурзаева Дамира Култбаевна мен қызметкер - Пернеханова Жанар Шамшархановна қатысты.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas