Новости

14.02.2025ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 36 жыл толғанына арналған «Ауғанстан – біз борышымызды атқардық!» атты іс-шара өтті. 15 ақпан- Ауғанстаннан кеңес әскерлердің шығарылған күніне арналған және қаза болған барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні болып табылады.
Іс-шараны қоғамдық әдістемелік бірлестік қазақ және орыс топ студенттерімен өтті.

13.02.2025 жылы «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жыл сайын 14 ақпанда өтетін Халықаралық Кітап беру күніне орай «Досыңа кітап сыйла» акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі идеясы - адамдарды бір-біріне кітап беруге шабыттандыру. Оқу мен кітапқа деген сүйіспеншілікті оятуға арналған мереке. Акцияның басты мақсаты-кітаптың керемет сыйлық болғанын және болып қала беретінін еске салу, өйткені кітаптарда адамның барлық даналығы жатыр. Акцияның міндеттері: кітапқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқуды қолдау және қоғамда кітап беру дәстүрін жаңғырту.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша еңбек ардагерлері, еңбек династиясы, үздік шебер, жұмысшы жас маман туралы ақпараттандыру.

Делегация ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» посетила «Город рабочих профессий» в городе Астана!

07.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесі студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар рестурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Өнер таусылмас азық" тақырыбында танымал жастармен кездесу өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие

07.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні

Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.
«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.