"TALAP" КЕАҚ, «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК, "ProfSkills "біліктілікті арттыру орталығы" ЖШС, "Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі" МКҚК жанындағы "Сервис" ОӘБ
Алматы қ. ұйымдастыруымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде кәсіби бағыттағы семинар-практикум сәтті өтті.
Тақырыбы: «Болашақтың кәсіби дағдылары: Жасанды интеллект дәуірінде тамақтандыруды ұйымдастыру және қонақжайлылық индустриясы мамандарына қажетті құзыреттер» Мақсаты:
Цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында қоғамдық тамақтану және қонақжайлылық саласындағы мамандарды даярлаудың инновациялық тәсілдерін айқындау, болашақтың басты құзыреттерін дамыту, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan стандарттарына сәйкес «Аспаздық ісі» және «Кондитер ісі» құзыреттері бойынша педагог-наставниктердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында:
▪ Қатысушылар кәсіби құзыреттерді дамыту бағытында тәжірибе алмасты;
▪ Инновациялық идеялар мен әдістемелер ұсынылды;
▪ Заманауи еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындау жолдары талқыланды.
Іс-шара аясында маңызды құжатқа қол қойылды — Мәскеу қаласындағы «Запад» білім беру орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл қадам халықаралық серіктестікті дамытуға және кәсіби тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Іс-шараны республикалық «Hаn TV» және «Айғақ» телеарналары түсіріп, ақпараттық қолдау көрсетті.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения