Новости

«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күнБүгін колледжімізде «PROFSTART» жобасының тоғызыншы күні қызықты әрі танымдық форматта өтті. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы заманауи бағыттармен танысты. Оқушыларға «Менің алғашқы кафем» тақырыбында презентация ұсынылып, жеке кәсіп ашудың алғашқы қадамдары, кафе тұжырымдамасын құру және оны дамыту жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар мәзір әзірлеу және QR-код жасау бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысып, цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығымен танысты. «Restaurant Business» іскерлік ойыны барысында оқушылар мейрамхана бизнесін басқару, клиенттерге қызмет көрсету және командалық жұмыс дағдыларын дамытты.Іс-шара оқушылардың кәсіпкерлік қабілеттерін арттырып, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын оятуға бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, жаңа білім мен пайдалы тәжірибе жинақтады.

«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күні. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары мамандықтар бойынша сынақ жұмыстарын орындап, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. «Әлем тағамдары» тақырыбында мультимедиялық тақта арқылы фотожұмбақ ойыны ұйымдастырылып, оқушылар әртүрлі елдердің ұлттық тағамдарын танып, білімдерін сынады. «Тағам арқылы ұлттық таным» тақырыбындағы интерактивті топтық ойында қатысушылар тағам мәдениеті арқылы халықтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктерін танып-білді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жаңа білім алып қана қоймай, болашақ мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті. Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен ықпал етеді.

05.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесінің волонтерлық ұйымы "Абай" саябағында ашық экологиялық дәрістер, ақпараттық материалдар тарату бойынша жиналыс өткізді.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#ТазаҚазақстан
#ЗаңменТәртіп

05.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесінің волонтерлық ұйымы "Абай" саябағында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық акция аясында тазарту жұмыстары жүргізілді.;

«PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарының алтыншы күні колледжімізде жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында 7–8 сынып оқушыларына «Құймақ әлемі» тақырыбында қызықты презентация ұсынылды. Оқушылар француз крептері мен америкалық pancake тағамдарының шығу тарихымен танысып, әлем халықтарының аспаздық мәдениеті туралы тың мәліметтер алды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін «Карамельден пішіндер жасау» тақырыбында мастер класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында оқушылар карамельмен жұмыс істеу технологиясын көріп, одан түрлі сәндік элементтер жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар береді.

04.06.2026 ж. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» ШЖҚМКК Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі мәжіліс залында «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік символы!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер Қазақстан, Ту, Елтаңба туралы патриоттық өлеңдер челлендж дайындады. Ертаева Г. Б., Сейфолла Г. А., Базарбай Г. Б. мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы туралы баяндады.

Презентациялар, бейнероликтер көрсетіліп, студенттер сұрақтарға белсенді түрде жауап берді, патриотизм туралы өз пікірлерін білдірді. Кітапхана меңгерушісі кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара соңында "Менің елім" атты ән орындады.

Іс-шараның мақсаты: І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Студенттерді өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

04.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесі студенттерінің қатысуымен "4 маусым Рәміздер күніне" орай ҚР Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті. Мақсаты: Отансүйгіштік құндылықтарды насихаттауға Мемлекеттік Рәміздерге деген құрметті арттыруға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық рухын қалыптастыруға бағытталған.