Новости

27.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "1 наурыз азаматтық қорғаныс күніне" орай колледжде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы көмек көрсету және дұрыс әрекет ету жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – студенттердің төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

04.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Менің жақсы қасиеттерім!" тақырыбында тренинг сабақ өтті. Мақсаты : тұлғаның жағымды қырларына назар аудару , өзін-өзі бағалауын жақсартуға ықпал ету.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

03.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Сенің артықшылықтарың" тақырыбында тренинг сабақ өтті. Мақсаты: стереотиптердің зиянды әсерін жеңу жолдарын көрсету және адамның өзін-өзі бағалауын жақсартуға ықпал ету.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas

27.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде 1-Наурыз "Алғыс айту күніне" орай "Мың алғыс" тақырыбында топ сағаттары өтті. Мақсаты: Студенттердің бойында ризашылық, құрмет, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге тәрбиелеу, бірлік пен татулықты нығайту.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие

Бұл – оқу орнымыз үшін маңызды белес. Аталған топ студенттері оқу барысында ерекше форматта білім алды: олар колледжде кәсіби мамандықты меңгере отырып, бір мезгілде Шымкент қаласының мектептерінде жалпы орта білімін қатар жалғастырды. Осындай қос бағыттағы жүйелі дайындық олардың жауапкершілігін, уақытты тиімді жоспарлау қабілетін және кәсіби қызығушылығын айқындады.

26.02.2026ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК мекемесінде оқытушылар Ертаева Г.Б. және Сейфолла Г.А. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында таныстыру жиналысын өткізді.
Жиынды ашқан оқытушылар жаңа Конституция жобасын еліміздің одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

25.02.2026ж "Тамақтандыру индутриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттері Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру. Кездесу барысында қатысушылар қылмыстың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және дұрыс өмірлік таңдау жасау мәселелерін талқылады.