PROFSTART – 2026 жобасының қорытынды күні өтті. Жобаға қатысқан 7–8 сынып оқушылары өздерінің шығармашылықтары мен белсенділіктерін көрсетіп, дайындалған жобаларын қорғады.Қорытынды кезеңде қатысушылардың жобалары бағаланып, олардың кәсіби қызығушылығы, креативті ойлауы және командалық жұмыс дағдылары ескерілді. Жоба соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылардан кері байланыс алынып, олардың жоба барысында алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды. Оқушылар өздерінің жаңа білім мен тәжірибе жинақтағандарын, болашақ мамандықтар туралы түсініктерінің кеңейгенін атап өтті. «PROFSTART – 2026» жобасы мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз және болашақта үлкен жетістіктер тілейміз! Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения