Новости

Описание изображения Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 27 тамызына дейін
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;

Бірнеше күнге созылған тартысты дода аяқталып, қатысушылар өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Чемпионат барысында әрбір қатысушы жауапкершілікпен жұмыс жасап, шығармашылық ізденіс пен шеберліктің жарқын үлгісін танытты.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша:
Рыбалко Даниил Сергеевич — 1 орын
Маханбет Балнұр Бауыржанқызы — 2 орын
Садыхметов Абдулазиз Баходырович — 3 орын
«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша:

PROFSTART – 2026 жобасының қорытынды күні өтті. Жобаға қатысқан 7–8 сынып оқушылары өздерінің шығармашылықтары мен белсенділіктерін көрсетіп, дайындалған жобаларын қорғады.Қорытынды кезеңде қатысушылардың жобалары бағаланып, олардың кәсіби қызығушылығы, креативті ойлауы және командалық жұмыс дағдылары ескерілді. Жоба соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылардан кері байланыс алынып, олардың жоба барысында алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды. Оқушылар өздерінің жаңа білім мен тәжірибе жинақтағандарын, болашақ мамандықтар туралы түсініктерінің кеңейгенін атап өтті. «PROFSTART – 2026» жобасы мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз және болашақта үлкен жетістіктер тілейміз!

«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күнБүгін колледжімізде «PROFSTART» жобасының тоғызыншы күні қызықты әрі танымдық форматта өтті. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы заманауи бағыттармен танысты. Оқушыларға «Менің алғашқы кафем» тақырыбында презентация ұсынылып, жеке кәсіп ашудың алғашқы қадамдары, кафе тұжырымдамасын құру және оны дамыту жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар мәзір әзірлеу және QR-код жасау бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысып, цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығымен танысты. «Restaurant Business» іскерлік ойыны барысында оқушылар мейрамхана бизнесін басқару, клиенттерге қызмет көрсету және командалық жұмыс дағдыларын дамытты.Іс-шара оқушылардың кәсіпкерлік қабілеттерін арттырып, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын оятуға бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, жаңа білім мен пайдалы тәжірибе жинақтады.

«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күні. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары мамандықтар бойынша сынақ жұмыстарын орындап, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. «Әлем тағамдары» тақырыбында мультимедиялық тақта арқылы фотожұмбақ ойыны ұйымдастырылып, оқушылар әртүрлі елдердің ұлттық тағамдарын танып, білімдерін сынады. «Тағам арқылы ұлттық таным» тақырыбындағы интерактивті топтық ойында қатысушылар тағам мәдениеті арқылы халықтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктерін танып-білді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жаңа білім алып қана қоймай, болашақ мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті. Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен ықпал етеді.

05.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесінің волонтерлық ұйымы "Абай" саябағында ашық экологиялық дәрістер, ақпараттық материалдар тарату бойынша жиналыс өткізді.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#ТазаҚазақстан
#ЗаңменТәртіп

05.06.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" ШЖҚМКК мекемесінің волонтерлық ұйымы "Абай" саябағында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық акция аясында тазарту жұмыстары жүргізілді.;