Новости

04.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «ДОСБОЛ LIKE» жобасы аясында "Жастық шақ - мүмкіндіктерге толы уақыт" тақырыбында суреттерден жасалған коллаж конкурсы ұйымдастырылды.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas
Описание изображения

28.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласының білім басқармасы Әл-Фараби ауданының прокуратурасының 2026 жылғы 26 қаңтардағы №2-12-26-00329 хатына сәйкес "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында студенттердің назарына "Закладчики. Мать" атты деректі фильм көрсетілді.
#ЗаңменТәртіп
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas
Описание изображения

📌 Кеңес отырысында қаралған мәселелер:
✍🏻 қоғамдық пәндер, арнайы пәндер, математика және жаратылыстану бағыты бойынша әдістемелік бірлестіктердің өткізген он күндік (декада) бойынша талқылау, ұсыныстар енгізу, алдағы кезеңде атқарылатын негізгі міндеттер мен басым бағыттардыы нақтылау болды.
✍🏻 жалпы педагогтардың сабақ өткізу, оқу құжаттарын жүргізу сапасын зерделеу;

2026 жылдың 27 қаңтарында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова колледж кітапханашысымен бірлесіп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушылардың бірі Медеу Сәрсектің туғанына 90 жыл толуына арналған әдеби іс-шара өткізді. Қ. Б. Қаражанова жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді.

Бұл дайындық форматы колледжде сәтті жүзеге асырылуда және биыл эксперименттік бағдарлама бойынша оқудан өткен оқушы - студенттердің екінші шығарылымымен расталды. Мемлекеттік емтихан қорытынды кезең болды, онда білім алушылар кәсіби құзыреттіліктерді, практикалық дағдыларды игеру деңгейін және одан әрі оқыту мен еңбек қызметіне дайындығын көрсетті.

2026 жылдың 23 қаңтарында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова колледж кітапханашысымен бірлесіп, ғалым-педагог, ақын, балалар жазушысы Әдібай Табылдының 100 жылдығына орай 1- курс студенттері арасында "Балалар жүрегінің ақыны" атты әдеби іс-шара өткізді. Қ. Б. Қаражанова кездесуге қатысушыларға ақын, жазушы, балалар драматургі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ғалымның "Халық тағылымы", "Тағылым", "Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасы және мәдениеттану мәселелері" сияқты ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары оқу орындарының оқытушылары оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданатыны атап өтілді. Сонымен қатар, оның пьесалары Қазақстанның қуыршақ театрларының сахналарында, ал сатиралық туындылары республика театрларында қойылып келе жатқаны айтылды.

21.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы» тақырыбында топ сағаты өтті. Мақсаты: Білім алушыларға темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерін ғылыми тұрғыда түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға деген саналы көзқарас пен жауапкершілікті қалыптастыру.
#ЗаңменТәртіп