Новости
Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде А.С. Пушкин атындағы №1 гимназия оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханаларға экскурсия жасады. Бұл оларға болашақ мамандықты таңдауда маңызды бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.
WorldSkills республикалық чемпионатында «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша І орын иеленген 3 курс студенті Телегина Арина және өндірістік оқыту шебері Донченко Олеся Дмитриевна 2026 жылғы 1–13 наурыз аралығында Қытай еліндегі Wangensen Education Group білім беру орталығында халықаралық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында қатысушылар кондитерлік өнімдерді дайындаудың заманауи технологияларымен танысып, десерттерді дайындау мен безендірудің жаңа әдістерін меңгерді. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

16.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау және ғұрыптық әндердің өзіндік ерекшелігі мен өңірлік маңызын айқындау мақсатында 16 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай "Жарамапазан Fest" атты көрме ұйымдастырылды.
Білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтіп жатқан «Ұлттық колледж Лигасы» аясында, 2026 жылдың 10 наурыз күні өткен «Тоғызқұмалақ» жарысына қатысқан «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК студенттері жүлделі І-ші орынға ие болды. Жетекшісі: Жақсыбавеа А.Е. Осы орайда жеңімпаздар Республикалық «Ұлттық колледж Лигасы» жарыстарына қатысу мүмкіндігін алып отыр. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақтың ұлттық өнерін жаңа заман талабына сай жаңғыртқан, кәсіби деңгейге көтеріп, дамыту ісіне өлшеусіз зор еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткері, атақты композитор, қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, ұстаз, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына биыл 120 жүз жыл болды.
2026 жылдың 12 наурызында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК Н32-25қ тобының студенттері Абай атындағы кітапханамен бірлесіп қазақ композиторы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Ұлт музыкасының ұлы ұстазы» іс-шарасына белсенді қатысты. Ұлттық музыкамызды зерттеуші ғалым, дирижер, академик, профессор, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы — қазақтың заманауи кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Артына шоқтығы биік өнер туындылары мен ғылыми еңбектерден мол мұра қалдырған біртуар талант. Қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әйгілі композитор есімі елге аян, өнегелі өмір жолы ұрпаққа үлгі.

Оқырмандардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көрнекті қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында 2026 жылғы 11 наурызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК -да кітапхана «Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырды.
05.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы №3-05-4/860-И хатына сәйкес, «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің көрсетілімі өтті.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas