«Жас маман» жобасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары

Джаксыкулова Маржанкуль Абыльдаевна - директор.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (2020 жылғы желтоқсан айына дейін «№6 колледж») Шымкент қаласындағы тарихын 1936 жылдан бері бастап келе жатқан аспаз, кондитер, сатушы біліктіліктері бойынша жұмысшы мамандықтарды даярлаумен айналысатын білім беру мекемесі. Колледж келесі мамандықтар мен біліктіліктер бойынша жұмысшы мамандықтарын береді: - «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз», «Кондитер» біліктіліктері; - «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығының «Наубайшы-шебер», «Мармеладшы», «Бисквитші» - «Қант өнімдерінің кондитері» біліктіліктері; - «Маркетинг» мамандығының «Сатушы» біліктілігі. Осы уақытқа дейін колледж 17 мыңнан астам білікті жұмысшы мамаманды шығарған. Қазіргі таңда колледжде 1064 студент білім алуда, оқу-тәрбие үдерісін 61 оқытушы, 26 өндірістік оқыту шебері ұйымдастырып отыр. Колледж түлектерін жұмыспен қамту көрсеткіші өсу динамикасына ие. Мамандық еңбек нарығында сұранысқа екенін осыдан байқауға болады. Соңғы 3 жыл ішінде бұл көрсеткіш 82% құрап отыр. «Жас маман» жобасы бірінші Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы Жастар жылы аясында жарияланып, «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына енген. Бұл жобаны іске асырудағы басты мақсат – нарық заманында сұранысқа ие болып отырған 100 мамандық бойынша еліміздегі 180 білім беру мекемелерін жаңғырту, ол жерде халықаралық тәжірибені енгізу. 2017-2021 жылдар аралығында елімізде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған, осы жобаға толықтырулар енгізіліп, жобаның операторы ретінде «Кәсіпқор (қазір - Талап)» коммерциялық емес акционерлік қоғамы белгіленген. Қазіргі уақытта «Жас маман» жобасының шеңберінде шетелдік серіктестердің (Soprano Group,Финляндия) материалдары негізінде білім беру бағдарламалары әзірленіп, 2 топ, 51 оқушы дайындалуда, яғни бұл бірінші курс студенттері. «Жас маман» жобасының шеңберінде «Поварское дело» құзыреттілігі бойынша WorldSkills талаптарын ескерумен құзыреттілік орталығы құрылып, заманауи жабдықтармен жасақталуда. Жабдықтардың тізімін анықтауда колледждің әлеуметтік серіктестері белсенді қатысып отыр, олардың ішінде атайтындары: «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Мадлен.kz» ЖШС, «Ладушки» ЖШС, «Кәусар» ЖШС, «Фиркан» ЖШС-нің желілері. Жобаның шеңберінде колледждің жабдықталуын жаңғырту мақсатымен жабдықтар жеткізілді. Жас маман жобасын іске асыру мақсатымен колледждің инженерлік-педагогикалық құрамы Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген арнайы курстарына басшы құрамынан 3 адам, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері құрамынан 8 адам, жалпы 11 адам біліктілігін арттырды. «Жас маман» жобасына колледж 2021 жылдан бастап қосылды. Осы бағытта колледжде инновациялық даму бағытын белгілеу мақсатымен 2020-2025 жылдарға арналған ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының енгізілуіне байланысты Стратегиялық даму жоспары жаңартылып, «Жас маман» жобасы шеңберіндегі Жол картасы әзірленді. Жол картасында колледждің «Жас маман» жобасы бойынша дамуының 5 бағыты қарастырылған:

1. «34. Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша ТИжСК-нің халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалауға дайындау.

2. Сыртқы аудит және әріптестік.

3. Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі.

4. Шетелдік серіктестермен әзірленген білім беру бағдарламаларын ендіру.

5. 34. Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша ТИжСК-нің халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалауға.