25.02.2026ж "Тамақтандыру индутриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттері Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру. Кездесу барысында қатысушылар қылмыстың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және дұрыс өмірлік таңдау жасау мәселелерін талқылады.

#Адал_Азамат
#ЗаңменТәртіп
Описание изображения Описание изображения