Новости

1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай 30 қараша 2020 жылы білім басқармасына қарасты « № 6 колледж» МКҚК мекемесінде 1-2 курс топ студенттерімен «Қазақстанның ядросыз мемлекеттке айналуындағы Тұңғыш Президент- Елбасының ролі» тақырыбында қоғамдық пәні әдістемелік бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен конференция өткізілді.
Студенттер белсене ат салысып, өлең шумақтарын оқыды, Н. Ә Назарбаев туралы мәліметтер мен ой- пікірлерді ортаға салды. Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді.
 
Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 6 Колледж» МКҚК 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай, барлық топтарда сынып сағаты өткізілді..

Білім басқармасына қарасты 6колледж ұжымы 27.11.2020 жылы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін “Самғау сенім орталығы “ КММ -мен бірлесе 1 желтоқсан Президент күніне орай “ Еңселі елім және Елбасым” атты тақырыпта өткізілген іс- шараға ат салысты. Колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері сол мекемеде орналасқан аналарға арнап мастер класс көрсетті.

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру студенттері арасында өткен “Ғаламшарды бірге сақтайық” онлайн акциясына қатысып, жоғары дәрежеден көрінген 6колледж 30-19 топ студенті Кулумбекова Даяна Адилқызы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш. Каринованың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.