16 наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі іс-шара ұйымдастырды. Іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде білім беру үдерісіне біртұтас көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталды. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды қастерлеу мақсатында « Наурыз бата» , «Сырға салу» дәстүрі көрсетілді. Бұл іс-шаралар ұлттық рухты нығайтуға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен өз мәдениетіне деген сүйіспеншілікті дамытуға ықпал етеді.