Новости

18.01.2021ж Шымкент Қаласы Білім басқармасына қарасты "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК психологы Қуватова Жадыра Муратқызы және Жастар Ресурстық орталығының психологы Жансая Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен,жоспарға сай,"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыз балдар арасында “Жастарға арналған денсаулық орталығы” гинеколог маманы Ескараева Замира Шакеновнаның қатысуымен Zoom платформасы арқылы қыздар жиналысы өткізілді. Студенттермен кері байланыс орнатылды.

«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да белсенді студенттердің қатысуымен « Таза сессия» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер осы тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, жастар комитетінің жұмысына идеялар ұсынды. Қатысқан студенттер «Таза сессия - таза білім!» тақырыбы бойынша туындаған сұрақтарды талқылады. Аталған іс-шара «Тамақ индустриясы және сервис колледжі» МКҚК- ның мәжіліс залында, белсенді студенттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның мүшелері болып табылатын ата-аналармен бірге ұйымдастырылып өткізілді. Оқытушылар мен іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Колледж оқытушылары Г.Б.Ертаева мен Г.А.Сейфолланың осы тақырыпты баяндау кезінде, бейне материалдар көрсетілді. Іс-шара соңында студенттер мен ата-аналар өздерінің пікірлері мен тілектерін білдірді.
 
В ГККП « Колледж индустрии питания и сервиса» совместно со студентами- активистами и родителями, входящих в состав комиссии по антикоррупционной профилактике, организована и проведена встреча в конференцзале. Преподаватели и участники мероприятия обсудили вопросы предотвращения коррупционных действий . В ходе выступления преподавателей Г.Б Ертаевой и Г.А Сейфолла были продемонстрированы видеоматериалы, посвященные данной теме. В заключении мероприятия студенты и родители высказали свои мнения и пожелания.

15.12.2020ж Шымкент Қаласы Білім басқармасына қарасты №6 колледж МКҚК педагог-психологы Ж.Қуватова 1 курс студенттерімен Zoom платформасы арқылы,онлайн форматта "Жасөспірімдер арасында күйзелістің сипаттамасы" тақырыбында психотерапевт,коуч,тәжірибиелі психолог Мукатаева Айгуль Жаңабайқызымен кездесу ұйымдастырды.

9-ЖЕЛТОҚСАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Білім басқармасына қарасты “ 6 колледж” МКҚК басшысы М.А. Джаксыкулова Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А. Жұмағалиевтың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
9 декабря 2020 года в ГККП « Колледж № 6» в программе ZOOM прошло мероприятие: « Моя гордость- Независимый Казахстан!».Мероприятие , посвященное дню Независимости организовали и провели преподаватели методического объединения общественных дисциплин. Соблюдая санитарные нормы, связанные с пандемией, в колледж были приглашены гости: сотрудник музея жертв политических репрессий Бейисова Дарига Джаркинбаевна и участник декабрьских событий Исабеков Сабит Қалдыкөзұлы.
Мероприятие прошло при участии студентов первых курсов. Были продемонстрированы презентации, видеоматериалы, посвященные этапам становления Независимости Республики Казахстан. Бейисова Дарига Джаркинбаевна и Исабеков Сабит Қалдыкөзұлы поделились интересными информациями о декабрьских событиях 1986 года в Алма-Ате. Студенты приняли активное участие, задавали вопросы.
Целью мероприятия было патриотическое воспитание молодежи: воспитание уважения и гордости за историю Родины.

Білім басқармасына қарасты “6 колледж” МКҚК мекемесінде 16.11.2020 күні “ Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әкімшілік жауаптылығы” тақырыбында Шымкент қалалық ПД Әл-Фараби АПБнің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция майоры Сеилханов Женисбек Зулпухаровичпен I- курс студенттеріне лекция оқып, кері байланыс орнатты

Білім басқармасына қарасты №6 колледж 2020 жыл 3-ші қараша күні Шымкент-адалдық алаңы жобалық кенсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаевичпен колледж ұжымының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өтті.