«PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдарлау лагерьінің төртінші күні2026 жылғы 02 маусым техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында «PROFSTART» жобасы аясындағы кәсіби бағдар беру лагерьінің төртінші күні өткізілді.Бағдарлама "Наубайшы" мамандығына арналды. Оқушыларға наубайшы кәсіпінің шығу тарихына арналған мазмұнды презентация ұсынылды. Презентация барысында бұл мамандықтың даму жолы, маңыздылығы және заманауи наубайшылықтағы өзгерістер туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ, өндірістік оқыту шеберлерімен бірлесе отырып, "Тәтті нанды пішіндеу түрлері" тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Оқушылар әртүрлі пішіндер мен әдістер арқылы нанды сәнді түрде қалыптастыру жолдарын үйренді. Іс-шара оқушылардың практикалық машықтарын дамытып, наубайшы мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды

Описание изображения Описание изображения