03.12.2025ж "Тамақтандыру индустриясы жжәне сервис коледжі" Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект-сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткізілетін онкүндігі аясында «Термиялық өңдеу физикасы» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шарада температураның, қысымның және ылғалдылықтың тағам құрылымына әсері жан-жақты қарастырылды.
Семинар мақсаты:
Студенттерге термиялық өңдеудің физикалық, химиялық негіздерін түсіндіру; температура, қысым және ылғалдылықтың тағам өнімдерінің құрылымы мен қасиеттеріне әсерін талдауға үйрету; өндірістік жылумен өңдеу процестерін ғылыми тұрғыдан бағалау дағдыларын қалыптастыру; зертханалық тәжірибелер арқылы технологиялық өзгерістерді бақылау және нәтижелерді талдай білу қабілеттерін дамыту.
Семинарға Түркияның Анталия қаласында өткен GEME OF FOOD GASTRO ANTALYA халықаралық гастрономиялық фестивалінің жеңімпазы, колледжіміздің ІІІ курс студенті Балтабай Елмұрад арнайы шақырылып, тағамды температуралық өңдеудегі өз тәжірибесімен бөлісті. Оның кәсіби шеберлігі мен нақты тәжірибелік кеңестері студенттерге зор шабыт беріп, семинардың маңызын арттыра түсті.

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения