Новости

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервиса колледжінің» ұйымдастыруымен, жұмыс берушілер кәсіпорындар алаңшасында "Сандық Group"ЖШС, «ТARY» этно-кафейня" базасында «Дәмді ФЭСТ» мастер-классы өтті. Мастер классты Шымкент қаласының бас аспазшылары «Мадлен KZ» ЖШС брэнд аспазшы Юлдашев Алишер және «KORIZZA» кафейнясының бас аспазшысы Камилов Вахит өткізді. Қатысушылар: А. Сейдимбеков атындағы №80 IT мектеп лицейі оқушылары мен «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледж» МКҚК студенттері. Демеушілер: "Сандық Group"ЖШС және "Metro Cash@Carry" ЖШС қолдауымен.

“18.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің 3 курс студенттері, Жұмысшы мамандықтарының беделін, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сінің Абай ауданы бойынша мансап орталықтарының қызметкерлері: Абай аудандық Мансап орталығының оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімінің маманы - Әбдімәжит Мұхтар Ахметұлы; Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы - Мырзабеков Бекзат Біржанұлы; Алтынбек Ақжол - Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің маманы - Алтынбек Ақжолдың қатысуымен кәсіптік бағдарлық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Бітіруші студенттерге алдағы уақытта дұрыс жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар көрсету. Жұмысқа орналасуға, жұмыс табуға көмек беру.

14.02.2025ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 36 жыл толғанына арналған «Ауғанстан – біз борышымызды атқардық!» атты іс-шара өтті. 15 ақпан- Ауғанстаннан кеңес әскерлердің шығарылған күніне арналған және қаза болған барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні болып табылады.
Іс-шараны қоғамдық әдістемелік бірлестік қазақ және орыс топ студенттерімен өтті.

13.02.2025 жылы «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жыл сайын 14 ақпанда өтетін Халықаралық Кітап беру күніне орай «Досыңа кітап сыйла» акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі идеясы - адамдарды бір-біріне кітап беруге шабыттандыру. Оқу мен кітапқа деген сүйіспеншілікті оятуға арналған мереке. Акцияның басты мақсаты-кітаптың керемет сыйлық болғанын және болып қала беретінін еске салу, өйткені кітаптарда адамның барлық даналығы жатыр. Акцияның міндеттері: кітапқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқуды қолдау және қоғамда кітап беру дәстүрін жаңғырту.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша еңбек ардагерлері, еңбек династиясы, үздік шебер, жұмысшы жас маман туралы ақпараттандыру.

Делегация ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» посетила «Город рабочих профессий» в городе Астана!

07.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесі студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар рестурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Өнер таусылмас азық" тақырыбында танымал жастармен кездесу өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие