Бұл ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен өнеркәсіп арасындағы байланысты тереңдету, білім алушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту және олардың заманауи өндіріс талаптарына бейімделуіне ықпал ету. Конференция барысында көптеген құнды баяндамалар мен ғылыми жобалар ұсынылып, үздіктер анықталды . І орынды А15-24қ топ студенті Абылқасым Аяна «Қазіргі әлемде калькуляциямен байланысты математика саласының даму тенденциялары» тақырыбындағы баяндамасы үздік теп табылып мараптталды. ІІ орынға П20-24р топ студенті Абдиев Тимур мен П20-24р топ студенті Мамыржанов Самир лайықты деп танылды . ІІІ орын К24-24қтоп студенті Ағабек Балнұр, КСИ44-24р топ студенті Габдуллина Рината иеленді.














