03.03.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде “Алғыс айту” күніне орай “Мың алғыс” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Алғыс айтудың маңызы: Алғыс айту – адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын, өзара сыйластық пен құрметті білдіретін маңызды құндылық. Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке ел тарихындағы күрделі кезеңдерде түрлі этностардың бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауын еске алып, ризашылық білдіруге бағытталған. Алғыс айтудың негізгі маңыздылығы: тарихи сабақтастық пен бірлікті нығайту; қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты күшейту; адамгершілік пен мейірімділікті дамыту; жеке және қоғамдық дамуға ықпал ету; отбасы мен достық қатынастарды бекемдеу. АҚШ және Канада халықтары Алғыс айту күні - "Thanksgiving Day" болып аталады.
#алғысайтукүні
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы
Описание изображения Описание изображения