Новости

22.04.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Ата-ананың тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер:
• 2025 жыл –Жұмысшы мамандықтар жылы;
•2024-2025 оқу жылында білім беру процесінің ІІ –жартыжылдық бойынша білім сапасы және студенттердің жазғы емтиханға жіберілуі;
•Кәсіптік бағдар аясында өткізілген іс-шаралар;
•Ата-аналарды педагогикалық қолдау;

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру болып табылады білікті мамандарды даярлаудың Халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында, 13-20 сәуір аралығында Стамбул қаласында тамақ өнеркәсібі бағыты бойынша «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» мамандары Халықаралық тағылымдамадан өтті.

18.04.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Өмір, мен сені сүйемін!» тақырыбында плакаттар, суреттер конкурсы өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы

2025 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқауда Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қаражанова Құралай Батырқызы жүлделі II орын иеленді! Бұл — үздіксіз ізденіс пен кәсіби шеберліктің нәтижесі! Құралай Батырқызына шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жетістіктер тілейміз!

Мастер класстың мақсаты: халықаралық тәжірибені бөлісу, Еуропалық тағамтану біліміндегі заманауи әдістерді енгізу және класикалық, авторлық техникаларды көрсету. Іс шараға Шымкент қаласының колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Шымкент қаласы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына 2025 жылғы 11 сәуірдегі жолдаған №10-12-15/2330 санды хатының негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-де 2025 жылдың 14 сәуір мен 26 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі.

"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде 2025 жылдың 14 - 18 сәуір аралығында 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі "Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" № 347 бұйрығына сәйкес оқу-дала жиыны курсы өтуде. #shym_birtutas #біртұтас_тәрбие