Новости
Мастер класстың мақсаты: халықаралық тәжірибені бөлісу, Еуропалық тағамтану біліміндегі заманауи әдістерді енгізу және класикалық, авторлық техникаларды көрсету. Іс шараға Шымкент қаласының колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Шымкент қаласы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына 2025 жылғы 11 сәуірдегі жолдаған №10-12-15/2330 санды хатының негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-де 2025 жылдың 14 сәуір мен 26 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі.
"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде 2025 жылдың 14 - 18 сәуір аралығында 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі "Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" № 347 бұйрығына сәйкес оқу-дала жиыны курсы өтуде.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес,
2025 жылғы 14 сәуір мен 26 мамыр аралығында
Шымкент қаласы білім басқармасында
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
20.03.2025 жылы "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК,
Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі және кітапхана меңгерушісі П20-24р, П21-24р, П22-24р, К42-24р, К44-24р, А23-24К топтарымен Наурыз мерекесі қарсаңында "Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері " атты зияткерлік ойын өткізді. Қатысушы студенттер ұлттық костюмдер киді. Тапсырмалар бес кезеңнен тұрды: қазақ мәдениеті, ұлттық киім, ұлттық тағамдар, ойындар, тарих және "Бата"сөзінің мағынасы. Жанкүйер көрермендер де белсенді қатысты.
Ойын қорытындысы: Тұрсынбек Қарақат-бірінші орын, Ғабдуллина Рината-екінші орын, Әбдиев Тимур ата-үшінші орын. Оқытушылар Г.Б. Ертаева, Г. А. Сейфолла және Г. Б. Базарбай Наурыз мерекесін мерекелеу тарихы туралы қысқаша және қызықты ақпарат берді. Зият Арайлым домбырада "Ән шашу" әнін орындады.

Оқырмандардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көрнекті қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында 2025 жылғы 14 наурызда " Оқуға құштар колледж" жобасы аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК -да кітапхана «Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырды.
Барлық басылымдар колледж кітапханасының қорында бар. Көрермендердің сүйіспеншілігін алған көптеген фильмдердің сюжеттеріне айналған сүйікті кітаптарын алу үшін бізге келгісі келетіндердің барлығын шақырамыз. Фильмді оқылған кітаппен салыстыру әрдайым қызықты, және бұл кітап көрмесі әр оқырманға осындай мүмкіндік береді.

2025 жылдың 6 наурыз күні «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Оқуға құштар колледж" жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Қ.Қаражанова мен А.Абдіразақова және кітапхана меңгерушісі О.Скукистың ұйымдастыруымен I курс топтары арасында "Ең оқуға құштар топ" байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндіттері:
Байқаудың мақсаттары мен міндіттері: