Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі шеберлік пен шабытпен бөлісуді жалғастыруда!
Бүгін өндірістік оқыту шебері Алтынбек Қуаныш Еранұлы , 3 курс студенттері Боранов Тахир және Балтабай Елмұратпен бірлесіп бірінші курс студенттеріне «Куриный терин – Танец вкусов» тақырыбы бойынша танымдық шеберлік сабағын өткізді.
Студенттер өздерінің дағдыларын көрсетті, WorldSkills стандарттары бойынша тағам дайындау технологиясының қыр-сырын ашты, сондай-ақ құнды тәжірибелерімен және кәсіби құпияларымен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар курстар арасындағы сабақтастықты нығайтады, мамандыққа деген қызығушылықты арттырады және болашақ аспаздардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға көмектеседі.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения