Новости
2025 жылғы 25 ақпанда "Оқуға құштар колледж" бағдарламасы аясында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК-да Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова кітапханамен бірлесіп И. Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған "Кітапты бірге оқимыз…" атты іс-шара өткізді. Іс-шараға П22-24р, К24-24қ 1 курс топтары қатысты. Бүгінде Есенберлин қазақ әдебиетінің ең көп оқылатын авторларының бірі. Оның перуінде әйгілі "Көшпенділер" және "Алтын Орда" тарихи трилогиялары бар. Олар қазақстандық прозаның монументалды туындылары ретінде танылды. Оның көптеген шығармалары ұлттық әдебиеттің классикасына айналды. Іс-шараға жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шығармаларды оқу үшін QR кодын қолдану арқылы туындылар ұсынылды. Бұл іс-шараның мақсаты: Ілияс Есенберлиннің шығармашылық қызметімен танысу және танымал ету, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан жазушының жеке басына оқырмандардың назарын аудару.
Шығармаларды оқу үшін QR кодын қолдану арқылы туындылар ұсынылды. Бұл іс-шараның мақсаты: Ілияс Есенберлиннің шығармашылық қызметімен танысу және танымал ету, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан жазушының жеке басына оқырмандардың назарын аудару.
2025 жылғы 25, 26 ақпанда "Тамақтандыру индустриясы және севрис колледжі" МКҚК-да WorldSkills 2024 кәсіби шеберлігінің колледжішілік чемпионаты келесі құзыреттер бойынша өтуде: "Аспаздық ісі»", "Кондитерлік ісі»", "Наубайхана ісі", "Мейрамхана сервисі". Конкурстық тапсырмаларды оқытушылар сарапшылар ұсынылған құзыреттер мен тәуелсіз сарапшылар бағалады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
20.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің "Infinity" және "Will done" дебат фракциялары Авиценна колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық пікірсайысқа қатысты.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Тамақтандыру индустриясы және сервиса колледжінің» ұйымдастыруымен, жұмыс берушілер кәсіпорындар алаңшасында "Сандық Group"ЖШС, «ТARY» этно-кафейня" базасында «Дәмді ФЭСТ» мастер-классы өтті. Мастер классты Шымкент қаласының бас аспазшылары «Мадлен KZ» ЖШС брэнд аспазшы Юлдашев Алишер және «KORIZZA» кафейнясының бас аспазшысы Камилов Вахит өткізді.
Қатысушылар: А. Сейдимбеков атындағы №80 IT мектеп лицейі
оқушылары мен «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледж» МКҚК студенттері.
Демеушілер: "Сандық Group"ЖШС және "Metro Cash@Carry" ЖШС қолдауымен.
“18.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің 3 курс студенттері, Жұмысшы мамандықтарының беделін, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сінің Абай ауданы бойынша мансап орталықтарының қызметкерлері: Абай аудандық Мансап орталығының оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімінің маманы - Әбдімәжит Мұхтар Ахметұлы; Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы - Мырзабеков Бекзат Біржанұлы; Алтынбек Ақжол - Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің маманы - Алтынбек Ақжолдың қатысуымен кәсіптік бағдарлық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Бітіруші студенттерге алдағы уақытта дұрыс жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар көрсету. Жұмысқа орналасуға, жұмыс табуға көмек беру.
14.02.2025ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 36 жыл толғанына арналған «Ауғанстан – біз борышымызды атқардық!» атты іс-шара өтті. 15 ақпан- Ауғанстаннан кеңес әскерлердің шығарылған күніне арналған және қаза болған барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні болып табылады.
Іс-шараны қоғамдық әдістемелік бірлестік қазақ және орыс топ студенттерімен өтті.
Іс-шараны қоғамдық әдістемелік бірлестік қазақ және орыс топ студенттерімен өтті.
13.02.2025 жылы «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жыл сайын 14 ақпанда өтетін Халықаралық Кітап беру күніне орай «Досыңа кітап сыйла» акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі идеясы - адамдарды бір-біріне кітап беруге шабыттандыру. Оқу мен кітапқа деген сүйіспеншілікті оятуға арналған мереке. Акцияның басты мақсаты-кітаптың керемет сыйлық болғанын және болып қала беретінін еске салу, өйткені кітаптарда адамның барлық даналығы жатыр. Акцияның міндеттері: кітапқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, оқуды қолдау және қоғамда кітап беру дәстүрін жаңғырту.









