04.09.2025ж “Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі” МКҚК мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарға сай «Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында Шымкент ҚПД Әл- Фараби АПБ ювенальдық полиция испекторы полиция майоры Тоғаев Талғат, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Ташибеков Мухтар Талгатович және полиция майоры Бухарбаев Самат Сагындыкович, колледж директоры М.Джаксыкулова, директордың ТІЖ орынбасары М.К.Омарованың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында колледждің ішкі тәртіп ережесі, қазіргі қоғамның мәселелері: зорлық-зомбылық, вейп, нашақорлық, лудомания, вандализм, діни экстремизм, буллинг, ысырапшылдық, суицидтің алдын алу жайында мағлұматтар берілді.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas














