Өндірістік оқыту шебері Амантай Ербол Мейрханұлы «Fire Steak» тақырыбында бірінші курс студенттеріне шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Сабақ барысында студенттер еттің сапасын таңдау, маринадтау, дұрыс температурада пісіру және фламбе жасау тәсілдерін үйренді.
Отпен дайындалған стейк процесі студенттерге үлкен әсер қалдырды.
Іс-шараны "Хабар 24 KZ" телеарнасы түсіріп, болашақ мамандардың кәсіби дайындығын қоғамға кеңінен таныстыруға үлес қосты.
Мұндай шеберлік сабақтары студенттердің практикалық білімін жетілдіріп, мамандыққа деген қызығушылығын арттырады.














