Новости

18.10.2024ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Күзгі асар" тақырыбында күзгі егіннің табиғи материалдары көркем сыйларын пайдалана отырып, қолөнер бұйымдарынан көрме жасап, «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы ұйымдастырылды. #shym_birtutas #біртұтас_тәрбие

16.10.2024ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Медиақауіпсіздік әлемінде»тақырыбында 1-2 курс студенттері арасында кураторлық сағат өтті. #shym_birtutas #біртұтас_тәрбие #Отбасы_күні #Біртұтас_тәрбиеШымкент

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында өндірістік оқыту шеберлері арасындағы кәсіби шеберліктің ІV республикалық конкурсында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің" шеберлері: _ "Мейрамхана ісі" құзыреттілігі бойынша Дауленбай А.Е- І орын,"Кондитерлік іс" құзыреттілігі бойынша Донченко О.Д-ІІ орын,"Аспаздық іс" құзыреттілігі бойынша Аралбаева А.М -ІІІ орын, "Наубайхана ісі" құзыреттілігі бойынша Серикова М.Т -ІІІ орын, орындарына ие болды.

11.10.2024ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде колледж студенттері арасында "Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады" тақырыбында "Ұшқыр ой алаңы" жобасы ұйымдастырылды. #shym_birtutas #біртұтас_тәрбие #Отбасы_күні

2024 жылғы 8 қазанда«Біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес, «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған бірінші курс студенттері арасында «Ұлылар ізімен» әдеби іс-шарасы өтті. Қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова кездесуге қатысушыларға белгілі ақынның шығармашылығы мен қазақ-кеңес әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтып берді. Студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты тарихи фактілерді білді. Колледж кітапханасы Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын көрсететін кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: студенттерді Отан тарихы мен тарихи тұлғалардың тағдырына баулу, оқуды насихаттау, қазақ әдебиетінің рөлін арттыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Читающий колледж

2024 жылғы 2 қазанда "Біртұтас тәрбие" жоспарына сәйкес"«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК- да «Кітаптар айналымы» буккроссинг акциясы өтті. Оқу залында түрлі көркем әдебиеттермен бұрыш ұйымдастырылған. Буккроссинг процесі "оқы – басқасынабер"принципіне негізделген қарапайым әрекеттен тұрады. Басқалармен бөлісуге болатын кітаптарды кітапханаға әкелуге болады, осылайша ол жаңа оқырмандарды табу арқылы қызықты саяхат жасай бастайды. Буккроссингтің басты мақсаты- кітап алмасу және кітаптардыжауапкершілікпен тұтыну. Акцияның мақсаты-студенттерді оқуға тарту, көркем әдебиеттің оқылуын және айналымын арттыру және оқуды жаппай және танымал құбылысқа айналдыру.
2 октября 2024 года, согласно плану «Біртұтас тәрбие», в ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса», прошла акция буккроссинга «Кітаптар айналымы».

2024-2025 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі жоспары.