Новости

24.10.2024 ж. "Тамақтандыру және сервис индустриясы колледжі" МКҚК-да 25 қазан-Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараны бірінші курс студенттерімен қоғамдық пәндер ӘБ өткізді. Ұлттық мерекенің жандануы Республика күні-бұл елде жүргізіліп жатқан тиімді реформалардың нәтижесі. Іс-шара барысында студенттер Қазақстан тарихы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.
Кітапхана Қазақстанның қазіргі әлемдегі жоғары мәртебесін, оның даму перспективалары туралы, елорда туралы, болашаққа деген үміт пен сенімнің нышаны ретінде, қазақ халқының құндылықтары туралы,

"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК кітапханасында 24 қазан кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы –демек креативті» тақырыбында өзін-өзі басқару күні өтті.
Өзін-өзі басқару күні П20-24р оқу тобының студенттері кітапханашы қызметін атқарды. Олар кітапхана қызметкерінің бақылауымен формулярды өз бетінше толтырып, кітап көрмелерімен танысып, үзіліс кезінде студенттерге қызмет көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - кітапханшы кәсібін насихаттау арқылы студенттерге кітапхана жұмысының қыр-сырын түсіндіру.

2024 жылдың 15 қазаны мен 24 қазаны аралығында дене шынықтыру және АӘД әдістемелік үйлесімі бойынша онкүндік өткізілді. Мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары кәсіби деңгейде өтті. Бірінші курс студенттері арасында волейболдан жарыс өтті.
Ұлдар:1 орын 15-24 топ
2-орын 22-24 тобы
3 орын 17-24 тобы
Қыздар:1-орын 21-24 топ
2-орын 16-24 тобы

22.10.2024 ж 25 - қазан Республика күніне орай "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Менің елім - Қазақстаным!" тақырыбында іс шара өтті. #shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы

23.10.2024ж. "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК бірінші курс студенттері «Туған жерім менің - Қазақстаным!» тақырыбында Пушкин атындағы кітапханада өткен Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шараға қатысты.

16.10.2024ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласының Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырмасы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша "Отбасы институты" жобасын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында медиатор-мамандардың, психологтардың қатысуымен «Қыздар кеңесі» және «Ұлдар кеңесі» ұйымдастырылды. #shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие

"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы: колледж ауласын тазалап, «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы ұйымдастырылды. #shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні