Тағылымдама барысында қатысушылар кондитерлік өнімдерді дайындаудың заманауи технологияларымен танысып, десерттерді дайындау мен безендірудің жаңа әдістерін меңгерді. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Осындай халықаралық тәжірибе болашақ мамандардың кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік беріп, колледжіміздің білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосады.














