Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде А.С. Пушкин атындағы №1 гимназия оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханаларға экскурсия жасады. Бұл оларға болашақ мамандықты таңдауда маңызды бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері арнайы шеберлік сыныптарын өткізді. М. Серикова «Шоколадты бисквитпен “Сүтті ломтик” тортын дайындау» тақырыбында, ал Р. Дүйсенова «Орама түрлерін дайындау: ірімшіктен орама, сәбізден орама, шпинатты орама» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар көрсетті.
Шеберлік сабақтары барысында оқушылар тағам дайындау технологиясымен танысып қана қоймай, өз қолдарымен орындап, аспаздық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения