Бұл – оқу орнымыз үшін маңызды белес. Аталған топ студенттері оқу барысында ерекше форматта білім алды: олар колледжде кәсіби мамандықты меңгере отырып, бір мезгілде Шымкент қаласының мектептерінде жалпы орта білімін қатар жалғастырды. Осындай қос бағыттағы жүйелі дайындық олардың жауапкершілігін, уақытты тиімді жоспарлау қабілетін және кәсіби қызығушылығын айқындады.
Колледж директоры Джаксыкулова Маржанкуль Абыльдаевна түлектерді арнайы құттықтап, алдағы еңбек жолында табыс, тұрақты даму және биік жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған өндірістік оқыту шеберлері де өз шәкірттеріне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, олардың кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.
Бүгінгі түлектер – тек диплом иегерлері ғана емес, теория мен тәжірибені ұштастырған, еңбек нарығына дайын жас мамандар.
А19-24қ тобының түлектеріне сәттілік, сенімді қадам және кәсіби шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения