Бүгін 25.02.2026 ж. тамақтандыру индустриясы және сервис колледж базасында WorldSkills–2026 колледжішілік іріктеу чемпионатының екінші күні өтті.
Қатысушылар өз құзыреттері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, өндірістік тапсырмаларды халықаралық стандарттарға сай орындады.
Байқау барысында техникалық талаптарды сақтау, уақытты тиімді пайдалану, тағам сапасы мен безендірілуі, санитарлық-гигиеналық нормаларды орындау қатаң бағаланды. Сарапшылар әр қатысушының практикалық дағдыларына, жұмыс орнын ұйымдастыру мәдениетіне және технологиялық процесті дұрыс жүргізуіне ерекше назар аударды.
Чемпионат – студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға және өндіріс талаптарына бейімдеуге бағытталған маңызды алаң. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения