Бүгін 24.02.2026 ж. Тамақтандыру индустриясы және сервис колледж базасында WorldSkills–2026 чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңінің алғашқы күні өтті.
Аталған чемпионат келесі құзыреттіліктер бойынша ұйымдастырылды:

- «Аспаз ісі»
- «Кондитер ісі»
- «Мейрамхана сервисі»
- «Наубайхана ісі»
Байқау барысында студенттер өздерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін, технологиялық талаптарды сақтау деңгейін және жұмыс мәдениетін көрсетті. Әр қатысушы берілген уақыт ішінде тапсырманы сапалы әрі стандартқа сай орындауға тырысты.

WorldSkills чемпионаты – болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын шыңдап, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ең үздіктері келесі кезеңде колледж намысын қорғайды.
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения