19.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінің студенттерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында өзекті құқықтық мәселелерді түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуге Шымкент қаласы прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Бегжан Батырбекұлы Құлатаев, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысы Дәурен Бөрібайұлы Тұрғынбай және Жастар ресурстық орталығы басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысты.

Кездесу барысында құқықтық жауапкершілік, қаржылық қауіпсіздік, алаяқтықтың алдын алу және нашақорлықтың зияндығының мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Описание изображения Описание изображения