«Ерлік пен елдік сабақтастығы: қазіргі білім беру жүйесінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының тарихи, әдеби және рухани мұрасын қазіргі ұрпақты тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалану, оның ерлік өнегесін, ұлттық құндылықтар жолындағы қызметін білім беру салаcында насихаттау әдістемесін ұсыну болды.
Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін мол тағылым мен кәсіби тың идеяларға толы алаңға айналды. Әдістемелік орталықтың үйлестіру жұмысы ерекше атап өтуге тұрарлық.
Конференцияға Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің пән оқытушылары да белсене қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраимова Оксана Бабахановна «Применение карточек skaffold на уроках по теме “Жизненный путь и творческое наследие Бауыржана Момышулы”» тақырыбында өз тәжірибесін ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каражанова Қуралай Батыровна «Ұлттық рухты қалыптастырудың интеграциялық моделі» тақырыбында оқытудың үздік әдістерін таныстырды.
Бұл конференция – ұстаздардың кәсіби өсуіне, ұлттық рух пен елдік мұратты жас ұрпаққа сіңірудің жаңа жолдарын қарастыруға бағытталған мәнді де мағыналы алаң болды.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas














