Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында өткен шоколатин (шоколадты бұйымдар) бойынша чемпионатқа іріктеу кезеңі сәтті аяқталды. Бұл іс-шара 2026 жылы Франция қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа қатысушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Іріктеу кезеңінің нәтижесінде, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің өкілдері жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Колледждің өндірістік оқыту шебері Усманов Хабибулла өз санатында 1-орынды жеңіп алып, Франция чемпионатының жолдамасын қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, колледждің дарынды студенті Ерден Гүлден де өз санатында керемет өнер көрсетіп, 1-орынды иеленді және халықаралық жарысқа қатысуға жолдаманы ұтып алды.
Бұл жеңіс – Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің білім беру сапасының және кадр даярлау деңгейінің жоғары екендігінің айғағы.














