Бүгінгі күн де қызықты және мазмұнды тәжірибемен жалғасты.
Семинар-практикум аясында:
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша:
Қатысушылар D модулі бойынша жұмыс жүргізді – заманауи әдіспен берілетін Пекинше үйрек, екі түрлі гарнирмен (вантон — салмамен толтырылған жіңішке қамыр және көкөніс гарнирі) және Хайсин соусымен. Бұл тағамның әрбір элементі дәм мен эстетиканың үйлесімін көрсетті.
«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша:
С модулі — модельдеу: қатысушылар екі түрлі фантазиялық пішіндегі фигуралар жасады (әр типтен екі фигурадан), соның ішінде қолмен жасалған ленталар техникасы қолданылды. Бұл тапсырма шығармашылық пен шеберлікті талап етті.
Семинар тәжірибемен алмасу мен WorldSkills стандарттары бойынша педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения