Кездесуге РҚБ Әділ билер Шымкент қаласы филиалының Тұран ауданының Бибі аналар орынбасары Әлжанова Арыскуль Шерехановна және Ескараева Шырынкүл Бақтыбайқызы қатысты.
Мақсаты:
Ұлттық тәрбие мен қыз баланың ар-намысын, тәрбиесін, мәдениетін дәріптеу. Студент қыздарға жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу, қоғамдағы әдебі мен рөлін түсіндіру.
Іс-шара барысы:
– Қыз бала тәрбиесі туралы ұлттық ұғымдар мен нақыл сөздер талқыланды;
– Ар-намыс, ибалық, киім кию мәдениеті, қыз абыройының маңыздылығы жайлы пікір алмасу өтті;
– Психолог, кураторлар және арнайы мамандар кеңес беріп, мысалдар келтірді.
Студенттерге берген бағыты:
– Қыз тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыру;
– Өзін-өзі бағалауға, теріс ортадан бойын аулақ ұстауға ынталандыру;
– Қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін түсіндіру;
– Ата-ана мен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара студенттерге үлкен ой салып, адамгершілік пен тәртіпке бағытталған маңызды кездесу болды.














